Сауд Арабиясы королінің өкпесі қабынып, ауруханаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Абдалла өкпе қабыну дертін емдеу курсынан өтуде, деп хабарлады Сауд Арабиясының ресми БАҚ көздері.

Монарх Эр-Риядта сәрсенбі күні ауруханаға жатқызылды, алайда бұл туралы тек қазір белгілі болды. Дәрігерлер корольдің жағдайын тұрақты деп бағалауда. 2014 жылы 90 жасқа толған корольдің соңғы жылдары денсаулығы жиі сыр беруде, деп жазады Интерфакс.ру.

Соңғы жаңалықтар