Сауд Арабиясы ІІМ басшысы екінші мұрагер ханзада болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында екінші мұрагер ханзаданы атады, ол елдің ішкі істер министрі және жаңа корольдің жиені Салман Мұхаммед бин Найеф болды.

Тақтың бірінші мұрагері ханзада Мукрин болып қала береді, деп хабарлайды «Интерфакс».

Тақ 79 жастағы Салманға оның ағасы, король Абдалланың өлімінен кейін бұйырды. Жаңа монарх ағасының саяси бағытын жалғастыруға уәде етті.

Король Абдалла ибн Әбдел Әзиз жұма күні түнде, 91 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар