Сауд Арабиясы биыл бір миллион адамға қажылық жасауға рұқсат етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы биылғы жылы бір миллион адамға (патшалық тұрғындары мен шетелдіктер) қажылық жасауға мүмкіндік бермек.

Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.

Ондағы деректерге қарағанда, соңғы екі жылда бірнеше мың жергілікті тұрғынға қажылыққа баруға рұқсат етілді. Патшалықтың Қажылық және умра министрлігі исламның киелі мекені Меккеге жыл сайынғы мұсылмандық қажылыққа тек COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған және 65 жасқа толмаған адамдарға рұқсат етіледі деп мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар