Сауд Арабиясы бен Ладен отбасы мүшелерінің Англияда болған әуе апатында қаза тапқанын растады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы 31 шілде күні Англияның Гэмпшир графтығының Blackbushe әуежайының жанында құлаған шағын ұшақтың апаты салдарынан бұрынғы «нөмір бірінші лаңкес» Усама бен Ладеннің отбасы мүшелері қаза тапқанын растады, деп хабарлады ТАСС.

Британдық Би-Би-Си телерадиохабар тарату корпорациясының ақпаратынша, бұл туралы Сауд Арабиясының Ұлыбританиядағы Елшісі, ханзада Мұхаммед бен Наваф әл-Сауд хабарлаған.

«Жоғары мәртебелі Мұхаммед бен Наваф әл-Сауд Мұхаммед бен Ладеннің отбасы мен жақындарына олардың отбасы мүшелерін тасымалдаған әуе кемесінің апаты салдарынан болған қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», - делінген Елшіліктің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Миланға аттанған Embraer Phenom 300 ұшағы ұшқан соң бірден автомобильдерді сату бойынша бәссауда компаниясының аумағында құлаған. Қатты биіктікке көтерілмей, қисая бастаған, одан кейін ұшқыш әуе кемесін қондыруға әрекет жасады, бірақ одан ештеңе шықпады. Ұшақ тұраққа қойылған көліктердің үстіне құлады. Ұшқыш пен үш жолаушы қаза тапты.

Бұған дейін Лондонның Daily Mail газеті құны 7 млн. фунт стерлинг (шамамен 11 млн. доллар) болған ұшақ Сауд Арабиясынан шыққан лаңкестің отбасы қадағалаған Salem Aviation компаниясының иелігінде болғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар