+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Сауат Мыңбаев қауіпсіздік белдігі симуляторын сынақтан өткізіп көрді

2017 жылғы 17 тамыз 17:14
Бөлісіңіз:
Сауат Мыңбаев қауіпсіздік белдігі симуляторын сынақтан өткізіп көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қауіпсіздік белдігі симуляторы сынақтан өткізілді. Бұл ноу-хау «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша жасалып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тренажер қарапайым принциппен жұмыс істейді - адам жүргізуші креслосына отырады, белдікті тағады, одан кейін төмен жылдамдықпен (сағатына 10 км дейін) тосын кедергіге соғылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай тестілеуден кейін көпшіліктің қауіпсіздік белдіктерін пайдалануға қатысты көзқарасы бірден өзгереді - соққы күші қатерлерге кез келген ережеден артық көз жеткізеді», - делінген баспасөз баянында.

null

Таныстырылым барысында компания басшысы Сауат Мыңбаев алғашқылардың бірі болып қауіпсіздік белдігі симуляторын тексеріп көрді. Сонымен қатар, әріптестерінің алдында сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев аталған ноу-хауды компанияның технологиялық көрсеткіші ретінде есептеп, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жобаларға ерекше мән беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, ұлттық компания мен оның мердігер компанияларында жүктерді, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдайтын 20 мыңнан астам автокөлік бар. «Ішкі тексерулер мен сауалнама деректері бойынша қауіпсіздік белдіктерін пайдаланатын компания қызметкерлері 30 пайызға да жетпейді. Тиісінше қызметкерлеріміздің біразы күн сайын бастарын қауіпке тігеді немесе ауыр жарақат алады. Бұл жағдайды сөзсіз өзгерту керек», - деді Сауат Мыңбаев.

null

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау департаментінің деректеріне қарағанда, әлемнің 52 елі арасында жол-көлік оқиғаларында адам өлімі жиі орын алатын ТМД елдері болып отыр. Ал бұл тізімнің ішінде Қазақстан «көш бастап» тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT