Сауат Мыңбаев «Атамекен» ҰКП Төралқасының құрамына енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев «Атамекен» ҰКП Төралқасының құрамына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Логистика және көлік комитеті төрағасы өкілеттігінің тоқтауына байланысты төралқа мүшесі Қанат Қалиұлы қызметінен босатылып, оның орнына Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевты сайлау ұсынылды», - деді «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов елордада өтіп жатқан палатаның VI Съезінде.

Сонымен бірге, Төралқаға мүшелігін мерзімінен бұрын Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы басшысы Әуезхан Дарынов тоқтатты. Бос орынға төралқа мүшесі ретінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова сайланды.

Еске сала кетсек, елордада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының VI Съезі өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар