Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 99,9 пайызында үйінде теледидар бар

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2021 жылы 11,7 мың үй шаруашылығы арасында жүргізген сауалнамасына сәйкес респонденттердің 99,9 пайызында теледидар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Респонденттердің 2,5%-ында үй кинотеатры, радиоқабылдағыш — 4,5%, музыкалық орталық — 12,4%, спутниктік антенна — 30,1%, бейнекамера — 4,2%, сандық фотоаппарат — 9,9%, ноутбук — 52,8%, планшет — 19,3% болды.

Аталған ойын-сауық тауарларының ішінде ауылдық жерлерде радиоқабылдағыштармен қамтамасыз ету қалаларға қарағанда жоғары болды - 3,5%, екінші тарап 6,2%. Дәл осындай жағдай музыка орталықтар (11,3% қарсы 14,3%) және спутниктік антенналарда (12,4%/62,4%) байқалды.

2021 жылы елдің үй шаруашылықтары теледидарлармен жоғары деңгейде қамтамасыз етілді: барлық өңірлерде қамтамасыз етілу 100%-ды құрады. Үй кинотеатрлары көбінесе Павлодар облысының үй шаруашылықтарында (респонденттердің 5,1%), Шығыс Қазақстан облысында (барлығы 0,5%) бар болды.

Радиоқабылдағыштар көбінесе Атырау облысының үй шаруашылықтарында (сауалнамаға қатысушылардың 12,1%) бар, ең аз Шымкент қаласында (0,4%) байқалды. Алматыдағы отбасыларда көбінесе музыкалық орталықтар, бейнекамералар, фотоаппараттар, ноутбуктер мен планшеттер болды, ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарында спутниктік антенналар басым.

Ағымдағы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша аудиовизуалды және фотоаппаратуралардың, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған жабдықтардың құны бір айда 4,4%-ға, бір жылда 5,5%-ға өсті. Жылдық динамика бойынша камералар бірден 11,4%-ға, теледидарлар – 6,7%-ға, ноутбуктер – 3,4%-ға, сымсыз құлаққаптар – 3,1%-ға қымбаттады.


Соңғы жаңалықтар