+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Сауалнама: Қазақстандықтардың шет елдерге саяхат жасауға көзқарасы қандай

2021 жылғы 27 қыркүйек 10:53
Бөлісіңіз:
Сауалнама: Қазақстандықтардың шет елдерге саяхат жасауға көзқарасы қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың басқа елдерге саяхат жасады ма, жоқ па және олар бұл туралы не ойлайды деген сұрақтарға жауаптарды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні, ол 1979 жылы бекітілген және халықаралық қауымдастықтың назарын туризмнің маңыздылығына, оның әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәніне назар аударуға бағытталған.

Коронавирустың жер жүзі адамдарының өміріне айтарлықтай өзгерістер енгізгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Бұл, ең алдымен, ел ішінде және басқа елдерге саяхат жасау мүмкіндігіне әсер етті. Ескі ковидалды кезеңді еске түсіруді, 2019 жылғы әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелеріне жүгініп, респонденттердің «Сіз әлемнің әртүрлі елдерінде бола алдыңыз ба?» деген сұрақтарға берген жауаптарымен танысуды жөн көрдік.

Респонденттердің жартысына жуығы басқа елдерге саяхатқа баруға үміттенеді. Осылайша, респонденттердің 46,7%-ы саяхаттауға оң көзқараспен қарайды және олар қолжетімді деп санайды.

Сауалнамаға қатысқандардың 26,3%-ы барғысы келер еді, бірақ олар түрлі елдерге бара алатындығына күмәнданады.

Әлемді шарлауды аңсамайтындардың да үлесі аз емес, олар өздерін үйде жақсы сезінеді - 14,1%.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT