Сатып алу бойынша айып тағылған «Самұрық-Қазынаға» қатысты тергеу аяқталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Самұрық Қазына» АҚ-ның сатып алу ережесін бұзу фактісі бойынша тергеу амалдары аяқталып, іс сотта қаралып жатыр. Істің мән-жайы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына қатысты тергеу аяқталды. Қор ұйымдары сатып алуды жүзеге асыру талаптарын бұзған. Өмірді сақтандыру бойынша қызметті бір көзден сатып алып отырған. Ал, талап бойынша сатып алу бәсекелестік әдісі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Аталған факті – қордың орталықтандырылған сатып алуды бақылау қызметінің өздігінен әрекет етуінің дәлелі. Бұл өз кезегінде сақтандыру қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің шектелуіне алып келеді», - деді Болат Сәмбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тексеру нәтижелеріне шағымдану бойынша сот жүріп жатыр.

Сондай-ақ, бұған дейін Яндекс.Такси компаниясының қызметіне қатысты бір айыптау ісі тоқтатылып, екіншісі сотта қаралып жатқаны туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар