Сатуға қойылған полиция көліктерінің бағасы 250 мыңнан басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаржы басқармасы бұрын полицейлерге тиесілі болған автокөліктерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Автокөліктердің бастапқы бағасы 250 мың теңгені құрайды, ал олардың жағдайының қандай екенін gosreestr.kz электронды сауда алаңынан білуге болады.

null

Сатып алушыларға 2009-2011 жылдары шығарылған Daewoo Nexia, Volkswagen Santana Vista, ГАЗ «2705 14» маркалы көліктер ұсынылады. Бұлардың бағалары 250 мың теңгеден басталып, 400 мыңға дейін барады.

null

Саудаға қатысам деушілер 37 529 теңге көлемінде кепілдік төлеуі керек. Бәссауда биыл 11 шілдеде басталады.

null

Бұл автокөліктер бұрын Алматы ІІД -не тиесілі болған.

null

Бәссауда шарты бойынша, автокөлік  ең жоғары  баға ұсынған қатысушыға сатылады.

null

Ал бәссауда аяқталар уақытқа дейін бағаны ешкім көтермесе, соңғы тілек білдірген адам жеңімпаз саналады.

null

Айта кету керек, бәссауда нәтижесі бойынша сатылған нысандарға хаттама толтырылып, сауда нәтижесі сатушы мен сатып алушының электронды кілтін қолдану арқылы  реестр порталында расталады.

null

Бұдан өзге, сатып алу - сату шарты реестр порталында  электронды форматта бекітіледі. Сауда нәтижесі туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 күннің ішінде шарт екіжақтың электронды кілтімен расталуы қажет.

Соңғы жаңалықтар