+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы баспаналы болды

2019 жылғы 6 желтоқсан 14:39
Бөлісіңіз:
Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы баспаналы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласында 45 көп балалы отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алды. Жаңа қоныстанушыларға қала әкімі Асқар Ыдырысов кілттерін табыс етті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында қолжетімді тұрғын үй құрылысы үш есеге артады «Нұрлы жер»: Таразда 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына 24,8 млрд теңге инвестиция тартылды

Кенжегүл Ахметова — бес баланың анасы. Тұрғын үй кезегінде отбасы 2013 жылдан бері тұрған. Енді олардың үш бөлмелі пәтері бар.

«Менің көпжылдық арманым жүзеге орындалды. Осыған дейін бірнеше жыл бойы пәтер жалдап тұрып келдік. Енді міне өзіміздің баспанамыз бар. Мен біздің жанұямыз секілді отбасыларға көмектескендердің барлығына алғысымды айтқым келеді», - дейді Кенжегүл Ахметова.

Сондай-ақ, төрт баланың анасы Жайнагүл Мұхаметжанова да өз қуанышымен бөлісті: «Биылғы жыл біз үшін қуанышқа толы болды. Бүгін біз өз баспанамызды алдық. Кезекте 11 жыл тұрдық. Балалардың қуанышында шек жоқ, пәтеріміз жақсы, жылы. Барлықтарыңызға үлкен рахмет».

Сәтпаев қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы да белсенді дамып келеді. Ол бойынша төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алуға 19 өтінім мақұлданды. Тұрғын үйді осы бағдарлама бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған үш көпбалалы отбасы мен ата-аналар сатып алды.

Жыл соңына дейін тағы 4 көп балалы отбасы баспана алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT