+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Сатиралық шығармаларға арналған республикалық онлайн байқау жарияланды

2020 жылғы 27 наурыз 00:45
Бөлісіңіз:
Сатиралық шығармаларға арналған республикалық онлайн байқау жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Мәдениет порталы» ақпарат агенттігімен бірлесіп, республикалық Қадыр Тайшықов атындағы сатиралық шығармалар байқауын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздегі төтенше жағдайды ескере келе аталған байқау «Мәдениет порталында» онлайн түрде өткізілмек.

Биыл Павлодар облысының тумасы, көрнекті жазушы, қазақ сатирасының негізін салушылардың бірі, аудармашы, журналист, сазгер Қадыр Тайшықовтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осы орайда, республикалық онлайн байқау жарияланды. Оған сатира жанрында жазылған шағын әңгімелер, әзіл-сықақ өлеңдер, шағын скетчтер, очерктер қабылданады.

«Байқаудың мақсаты - әдеби шығармаларды кеңінен насихаттап, оны оқырман қауымға, жас ұрпаққа патриоттық, азаматтық және көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралы ретінде ұсыну, дарынды сатирик қаламгерлерді қолдау, сатира жанрын насихаттау және осы жанрдағы жазушылар мен ақындарды қалың оқырманға таныстыру. Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты байқауды онлайн өткізуді ұйғардық», – деп атап өтті Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов.

Онлайн байқауға қазақ және орыс тілдерінде сатира жанрында бұрын жарияланбаған шағын әңгімелер, әзіл-сықақ өлеңдер, шағын скетчтер, очерктер қабылданады.

Шығармалар «Мәдениет порталында» жинақталып, жарияланады. Жазбалар 2020 жылдың 30 мамырына дейін қабылданады. Байқау жеңімпаздарына қомақты қаржылай жүлделер тағайындалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әдебиет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT