Satbayev University жатақхана проблемасы неге шешілмей жатқанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Satbayev University басшылығы студенттердің неліктен оқу залында тұрып келгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Мұның алдында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері Агенттігі аталған оқу орнында жүргізілген рейд нәтижесін жариялаған болатын. Белгілі болғандай, бірқатар жатақханалар күрделі жөндеуді талап етеді. 

«№1, 2, 3, 4 жатақханаларда жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Ақша үнемдеу үшін кей жатақханаларда комендант қызметін студенттердің өзі тегін атқарған», - деді агенттіктің баспасөз қызметінен.

Бұл келтірілген аргументтерге Satbayev University ресми түрде жауап жолдады. 

Оқу орнының хабарлауынша, биыл 2,5 мың студент бакалавриатқа оқуға түскен. 

«Биыл оқуға түскен студенттердің саны былтырғыға қарағанда 2 есе көп. Ал жатақханаларда барлығы 2000 орын бар. Сондықтан, оқу орны шұғыл түрде студенттерді орналастыру жолын іздеді. Осы мақсатта оқу залына бірнеше төсек қойып, студенттерге жағдай жасауға тура келді», - деді оқу орнының бапасөз қызметінен.

Оқу орнының басшылығы жатақхана мәселесін 2020 жылға қарай түбегейлі шешпек. 

«Атап айтқанда, Алматыда Ладыгин, 34 мекенжайында жаңа жатақхана салуға рұқсат алдық. Бұл рұқсат қағазын алу үшін 2 жылдай уақыт кетті. Сонымен қатар, университетке тиесілі №9 жатақхана ТЖД тарапынан «сейсмикалық тұрғыдан қауіпті» деген желеумен жабық тұр. Біраз уақыттан соң ол жатақхана сүріліп, орнына жаңа ғимарат бой көтереді»- деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар