USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Сәтбаевтағы оқиға: Күдікті екі айға қамауға алынды

2020 жылғы 27 шілде 13:13
Бөлісіңіз:
Сәтбаевтағы оқиға: Күдікті екі айға қамауға алынды

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Сот Сәтбаев қаласында баланы ұрлап, зорлады деп айыпталып отырған күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу судьясы Серік Исабаев видеобайланыс режимінде отырыс өткізді. Себебі карантин уақытында сот ғимаратына тергеуге алынған адамдар әкелінбейді. Күдіктінің адвокаты 58 жастағы күдіктіні қамауға алмау және халықтың ашу-ызасына байланысты оны күзетуді өтінген. Сонымен бірге қорғаушы өз қорғауындағы күдіктінің бірқатар ауруы барын да айтқан.

Судья кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін оны қамауға алу туралы шешім шығарды.

«Сот оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Мерзім оның ұсталған уақытынан, яғни 23 шілдеден басталады», - деп хабарлады соттан.

Екі айдан кейін тергеуші осы іс бойынша үкім оқылуы үшін істі сотқа жолдауы керек. Егер екі ай аз болса бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде Сәтбаев полициясына ер адам бес жасар қызының жоғалғанын айтып, арызданған болатын. Қызды іздеу жұмыстарына жергілікті полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен жүзден астам ерікті қатысты.

Бала түнде көпқабатты үйлердің бірінен табылды. Бұл шаһарда үлкен шу туғызды.

Қазір қалада жағдай тұрақтанды. Сәтбаев күнделікті режимде өмір сүріп жатыр.

Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаевтағы бес жасар қыз баланың жоғалуына қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын.

Сондай-ақ, Президент Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT