Сәтбаевта терезеден секірмек болған қызды полицейлер құтқарып қалды

None
Видеодан алынған кадр/t.me/POLICE_of_KZ
СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полицейлері терезеден секірмек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды. ҚазАқпарат бұл туралы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«20 мамыр күні полиция басқармасына қөпқабатты үйлердің бірінде жас қыздың терезеден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полицейлер Ерболат Бейсенбеков пен Алмат Өксікбаев терезенің жақтауында тұрған қыз баланы көрді», - делінген полиция мәліметінде.

Қос полицей санаулы секундтарда қолайлы сәтті пайдаланып, қызды терезеден ішке тартып алған.

«Қыз бала медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл қадамға анасымен сөзге келіспей қалғандықтан барғанын айтты», - деді полициядан.


Соңғы жаңалықтар