Сәтбаевта қар жауды

None
None
СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында алғашқы қар жауды. Қалада жылу бүгін беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін 5 қазан, таңғы сағат 8:30-дар шамасында басталған қардың арты бұрқасынға айналған. Табиғаттың тосын сыйының арқасында жер ақ мамыққа оранды. Дәл қазіргі уақытта қалада ауа райы +3 градусты көрсетіп тұр.

Биылғы жылы кеншілер қаласына қар жылдағыдан әлдеқайда ерте жауды. Мамандардың айтуынша, жылда қалада жылыту маусымы қазанның онында басталатын, алайда биыл күннің ертерек суытуына байланысты бүгін тұрғын үйлерге жылу жіберу қарастырылып жатыр.

«Құрметті қала тұрғындары, жылу қазандығы іске қосылды. Бүгін жылу беріледі», - делінген жергілікті коммуналдық қызметке жауапты органның таратқан хабарламасында.
Автор: Еркеназ Шоқан

Соңғы жаңалықтар