Сәтбаевта қалалық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды

None
None
СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында прокуратураның жаңа ғимаратын ашу салтанаты өтті. Бұған дейін қызметкерлер 50 жыл бұрын салынған ескі ғимаратта жұмыс істеп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғимараттың ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Кендебай Адамбеков және Қарағанды облысының прокуроры Құсайын Игембаев қатысты.

Үш қабатты жаңа ғимарат бүгінгі күннің талаптарына сай келетін қауіпсіздік, санитарлық және технологиялық нормаларды ескере отырып салынған.

«Бұл ғимаратта азаматтар өздеріне қажетті барлық мәліметтерді алуына болады. Келушілерге мүмкіндігінше қолайлы жағдайлар жасалған, оның ішінде заманауи күту залы жабдықталып, мүгедектігі бар адамдарға қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз етілген», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Облыс прокуроры қызметкерлерді жаңа қоныспен құттықтап, алдағы кезеңдегі міндеттерді белгіледі.


Соңғы жаңалықтар