+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Сәтбаев волонтерлері күн сайын 700-ден астам мұқтаж жандарға көмек көрсетеді

2020 жылғы 28 шілде 13:15
Бөлісіңіз:
Сәтбаев волонтерлері күн сайын 700-ден астам мұқтаж жандарға көмек көрсетеді

СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Сәтбаев қаласында күн сайын 700-ден астам ерікті мұқтаж жандарға көмек көрсетуде. Карантин кезінде волонтерлер ондаған акция өткізіп, бірнеше мың қала тұрғындарына көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Біз қай уақытта да біргеміз – оралдық волонтер Қазақстандық 135 мың волонтер бір күнде 6 мың тонна қоқыс жинады

Сәтбаев қаласында Жастар ресурстық орталығында волонтерлер штабы құрылды. Оның құрамына студенттер, жұмыс істейтін жастар, дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, мешіке келушілері, өнеркәсіп қызметкерлері кірді. Барлығы қалада 700-ден астам еріктілерден құралған волонтерлер тобы қызмет етеді.

Төтенше жағдай кезінде ерктілер мешіттерде, Кеншілер сарайында, Достық үйінде көп реттік бетперделер тігуді ұйымдастырды. Барлығы 23 мыңға жуық бетперделер тігіліп, волонтерлік штаб арқылы таратылды. Сонымен қатар жанашыр тұрғындар блок-бекеттерде кезекшілік етіп жүрген полиция және медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ әзірледі. Ал «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қала кәсіпкерлерінен көп балалы отбасыларға, мұқтаж жандарға, қарттар мен мүгедектерге 1400-ден астам азық-түлік пакеттері таратылды. Қаладағы еріктілер науқастарға медициналық көмек көрсететін дәрігерлерді тасымалдау үшін «КОРОНА такси» жұмысын ұйымдастырды.


Корпоративті волонтерлік аясында мемлекеттік ұйымдардың ұжымдары 15 мұқтаж жанұяға жалпы сомасы 150 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Білім беру мекемелерінің, қалалық әкімдіктін қызметкерлерінен тұратын «Патруль» волонтерлік тобы құрылды. Аталмыш топ қоғамдық орындарда коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіп, ақпараттық буклеттер мен көп реттік бетперделер таратты.

Сонымен қатар еріктілер тұрақты түрде 37 ардагердің үйіне азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізуді ұйымдастырады. Олар 32 жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге коммуналдық қызметтерге 15000 теңге төлеуге өтініштер беру кезінде көмек көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ, карантин кезеңінде eGov.kz порталында өтініштерді тіркеу бойынша 25 тұрғынға кеңестер берді.


Волонтерлік штабта қала тұрғындарынан мұқтаж азаматтарға киім алуға арналған кабинет бар, бүгінде 30 адам көмек алды.

Сәтбаев қаласының еріктілері сонымен қатар елміздің Мақтаарал ауданындағы су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету шараларынан да тыс қалмады. Мамыр айында Түркістан облысына көмек көрсету мақсатында Сәтбаев қаласынан 5 ерікті жастар аттанып, әлеуметтік нысандар құрылысына қатысты.

Коронавируспен күресте де жанашыр азаматтар қол ұшын созуға асығуда. Шілдеде Терісақан ауылының диқандары қалалық медициналық ауруханаларға 210 литр қымыз жеткізді. Ал «Самга» ЖШС 680 л көлемінде қалалық аурухана мен туберкулезге қарсы диспансерде ауыз су апарып берді. «Қазақмыс» корпорациясының Ардагерлер кеңесі 100 мың теңгеге Орталық аурухана үшін төсек-орын және дезинфекциялық құралдарды сатып алды.

Волонтерлар 100 жалғызбасты зейнеткерге 17 мың теңгеге парацетамол мен аспириннің 200 пакетін апарып берді және пациенттер мен медициналық персоналға ыстық тамақ, жеміс-жидек жеткізді. «Дуслык» татар-башқұрт орталығының волонтерлары қалалық аурухана мен туберкулезге қарсы диспансердің медицина қызметкерлеріне ұлттық тәттілер мен кондитерлік өнімдермен қуантты. Кәріс бастамашыл тобының волонтерлері де оларға корей ұлттық тағамдарынан ауыз тигізген болатын.

Кәсіпкерлер № 1 Орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне 13 төсек-орын жабдықтарын, 1000 дана маска және 50 сүлгі, 250 дана ПЧК комбинезонын, 18 дана оттегі концентраторларын және 25 дана жүрек соғу жиілігін бақылайтын құрылғы түрінде көмек көрсетті. Ал кәсіпкерлер қауымдастығы аурухананың медициналық қызметкерлеріне жалпы сомасы 300 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Еріктілердің жұмысын әрі қарай да қарқынды жүргізіп отыру мақсатында Telegram-чатында «Сәтбаев волонтерлері» тобы құрылды, онда еріктілер пікір алмасады және бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастырады, чатта 200-ге жуық белсенді қатысушы бар. «Facebook», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде «Satbaeveriktileri» парақшалары бар, онда қаладағы волонтерлердің қызметі туралы күнделікті материалдар шығарылады. 15-тен астам әлеуметтік ролик, карантин шараларының сақталуы туралы 2500 үнпарақ шығарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT