Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақты - әкімдік

None
None
СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің 5 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарлады. Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің біріндегі пәтерден табылған.

«Қазір қыз бала ауруханада тексерілуде. Күдікті ұсталды.

Ұсталған азаматтың үйінің жанында күдіктіні олардың қолына беруді талап ететін бір топ адамдардың жиналған. Тәртіпсіздіктердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарының күш-жігері жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанды, адамдар оқиға орнынан тарқасты», делінген хабарламада.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаевқа жол тартты.

«Құқық қорғау органдары осы жағдай бойынша әділ және адал тергеу жүргізу үшін барлық күш-жігер жұмсалатынын жеткізді. Халықтан арандатушылыққа жол бермеуді сұраймыз», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар