Сәтбаев қаласында кеншілерді тасымалдайтын автобус апатқа ұшырады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -​ Сәтбаев қаласында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 ақпан күні сағат 09.00 шамасында Сәтбаев қаласынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан №57 шахта маңында «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігі мен шахта жұмыскерлерін тасымалдайтын «НЕФАЗ» автобусы соқтығысты. Жеңіл көлікті басқарып отырған 28 жастағы жүргізуші қалың тұман салдарынан жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Оқиға кезінде автобуста 35 шахта жұмысшысы болған.​ Апат салдарынан «НЕФАЗ» автобусының 42 жастағы жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

​Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

null null

Соңғы жаңалықтар