+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Сәтбаев қаласында қаруланған радикалды діни топ ұсталды

2018 жылғы 18 шілде 19:04
Бөлісіңіз:
Сәтбаев қаласында қаруланған радикалды діни топ ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында радикалды діни топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында радикалды діни топтың іс-әрекетінің жолын кесті. Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды. Аталған тұлғаларға лаңкестік топ құрды және оның әрекеттеріне қатысты, сондай-ақ терроризмді насихаттады деген күдік келтірілуде», - делінген таратылған хабарламада.

Мәлім етілгендей, аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT