+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды

2020 жылғы 24 шілде 07:36
Бөлісіңіз:
Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Сәтбаев қаласында қыз баланы ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің барлық құрамы мен волонтерлер қатысқан іздеу шараларының нәтижесінде 5 жасар бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды.

«Бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Күдікті ұсталды. Бірақ бір топ адам күдіктіні өздеріне беруді талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT