Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары жерді заңсыз берген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде лауазымды тұлғалардың жемқорлық әрекеттері әшекере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласы әкімі орынбасарының әрекеті әшекере болды. Оған іргелес аудандардың тұрғындарын қоныстандыруға арналған Сәтбаев қаласындағы 2 жатақхана құрылысы барысында орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қою үшін жеке ұйымдардың бірінің өкілінен 100 мың теңге көлеміне пара алды деген күдік келтірілуде. Әкім орындары өзінің кінәсін толықтай мойындағаннан кейін тұтқынға алынған жоқ», - делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, Целиноград ауданының бұрынғы әкіміне қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша тергеу амалдары басталған. Ол өзінің лауазымды қызметін пайдалана отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке аудан аумағына тиесілі 50 гектар жер телімін  жекеменшікке беру туралы заңсыз қаулыға қойған. Соның салдарынан мемлекеттік заңды мүдделі айтарлықтай бұзылған.

Мұнан бөлек, Павлодар облысында Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылдық округінің әкімі өзіне бағынышты бас маманмен алдын ала ымыраласып, ЖШС өкілінен әкімдіктің әкімшілік ғимаратында төлем терминалын жалдау және орнату келісімшартын жасасқаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен.

Алматы облысына қарасты Байсерке ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары да өзінің қызметтің өкілеттігін асыра байдалан отырып, облыс тұрғындарының бірінее жер телімін жеке шаруа қожалығын жүргізу үшін берген. Ал өңірдің бас жоспарына сәйкес, аталған жер телімі автомобиль тұрағына арналған. Осылайша ол мемлекетке 496 мың теңге шығын келтірген.

«Жоғарыда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті агенттіктен.

Соңғы жаңалықтар