Сәтбаев әкімдігінің қызметкері тұрғындармен келіспеушіліктен кейін ауруханаға түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінде әкімдік қызметкерлері мен қабылдауға келген азаматтар арасындағы сөзталастан басталған келіспеушілік жаға жыртысқа ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған әкімдіктің аяғы ауыр қызметкері ауруханаға жеткізілді.

«Дау-дамай 11 шілде күні Сәтбаев қаласы әкімдігінің ғимаратында әкім орынбасарының жеке қабылдауы барысында әкімдік қызметкерлері мен үш азамат - Б.Жағыпаров, А.Қошанов және А.Цукановтың арасында болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Келіспеушіліктің туындауына әкімдік қызметкерлерінің жеке қабылдау өткізу кезінде видеотүсірілімді жүргізбеу және тәртіпті сақтау туралы талабы негіз болған.

«Б.Жағыпаров, А.Қошанов пен А.Цуканов талапты елемей, келіспеушілікті туындатқан. Салдарынан әкімдіктің аяғы ауыр қызметкері түсік қаупімен қалалық ауруханаға жеткізілді. Келіспеушілік тараптары құқық қорғау және сот органдарына тиісті арыздармен жүгінді», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Ұрыс-керіс қатысушыларының бірі Б.Жағыпаров журналист екендігін айтып, түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату себептеріне арналған қабылдау барысында шенеуніктерді таспаға түсірген.

«Кабинетке бір әйел кіріп келіп, біздің кетуімізді қатты дауыспен талап ете бастады. Видеокамераны жұлып алды да, қабылдау бөлмесіне жүгіріп шығып, үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жібермек болды. Бірақ онда москитті сетка тұрды», - деді жанжалға қатысушы.

Олардың арасында талас басталған. Нәтижесінде Жағыпаров камерасын қайтарып алған, ал әйел шабуыл жасағандығы жөнінде ер адамның үстінен полицияға арызданды.

Полицейлер дау-дамайдың мән-жайын анықтауда. ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша («жеңіл дене жарақаттарын келтіру») іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар