Сатаев неліктен боксшы Серік Сәпиев туралы фильм түсіріп жатқанын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев неліктен басқа емес, дәл боксшы Серік Сәпиев туралы фильм түсіріп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Белгілі бір киноны түсірсек, ол әрекетіміз қандай да бір идолды қалыптастыру дегенді білдірмесе керек. Бұл шынында да, чемпионның, батырдың тарихы. Серік 2012 жылы Жазғы Лондон Олимпиада ойындарында жетінші алтын медаль алған кезде бұл жетістік ұлттық бірлікке өте орасан зор үлес қосты. Сол кезде қалай қуанғаным әлі күнге дейін есімде. Идеология деген осы деген ойдамын», - деді Сатаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Режиссерге осы кезде «Неге басқа боксшы емес, неге тап Серіп Сәпиев ?» деген сұрақ қойылды.

«Біз кино түсіргіміз келетін лайықты тұлғалар өте көп», - деді ол.

Еске сала кетсек, Ақан Сатаев боксшы Серік Сәпиев туралы фильм түсіріп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар