+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы жинақ болып шықты

2018 жылғы 15 қараша 14:48
Бөлісіңіз:
Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы жинақ болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы» атты 8 дискіден құралған антология жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жинаққа Сарысуда туған халық композиторлары мен есімі елге таныс әнші-күйшілердің шығармалары, өңірде көп шырқалатын халық әндері енген.

«Рухани жаңғыру» жобасының «Туған жер» бағдарламасы аясында туған өлкенің ән, күй қазынасын қамтыған антология шығаруды ұйғардық. Сарысу өңірі - ұлтымыздың тағдыр талайына талай мәрте куә болған тарихы терең өлке. Қарт Қаратау - саусағынан саз төгілген дәулескер күйшілердің мекені. Сондықтан, І диск дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлының күйлеріне арналды. Сүгір күйлерінен бастау алатын күйлердің таңдаулы нұсқалары сарысулық күйшілердің орындауларында IІ дискіге енді. Және мұнда сарысулық күйшілердің шығармашылық портретін ашатын радиохабарлар да берілді», - деді жоба продюсері, идея авторы Болатбек Төлепберген.null

Өз кезегінде III, IV дискілеріне Сарысудан шыққан композиторлар Илья Жақанов пен Тынышбай Рахымның әндері топтастырылған.

«Біртуар әншілер Амангелді Сембин мен Сәуле Жанпейісованың орындауындағы шығармалар V-VI дискілерде жинақталды. Ал «Сарысу композиторлары мен әншілері» атты VІІ-VІІІ топтамаларға - Сарысу өнерпаздарының шығармалары енгізілді», - деді Б. Төлепберген.

Иллюстрациялық сурет

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT