Сарышұнақ аязда жолда қалған 53 жолаушы құтқарылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сарышұнақ аязда жолда қалған 53 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД бас маманы Думан Дәлешовке сілтеме жасап.

ТЖД қызметкерінің айтуынша, күн суытуы салдарынан 2018 жылғы желтоқсаның 24-25 күні түнгі уақытта Ақмола облыстық ТЖД-не Бурабай ауданы аумағында істен шыққан «Петропавл-Сарыағаш» бағытындағы автобустың жолаушылары хабарласып, көмек сұраған.

«Автобуста 53 жолаушы болды. Оның басым көпшілігі - Өзбекстан Республикасының азаматтары. Жолаушылардың барлығы Кенесары ауылындағы Сәтбаев атындағы мектепке орналастырылып, жатын орын және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖД бас маманы Думан Дәлешов.

 

Соңғы жаңалықтар