+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Сарышаған полигонында зениттік- зымыран кешенінің сынақтары өткізілді

2019 жылғы 18 қазан 12:38
Бөлісіңіз:
Сарышаған полигонында зениттік- зымыран кешенінің сынақтары өткізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әуе шабуылына қарсы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықовтың басшылығымен Сарышаған полигонында С-300 зениттік-зымыран кешенін бақылау сынақтары өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Түркия әскери даярлықтың тәртібін айқындады ҚР Қарулы Күштерде тактикалық-саптық сабақтар өтуде Қазақстандық сарбаз Мәскеуде WTKF турнирінде жеңімпаз атанды

Сынақтар Әуе шабуылына қарсы әскерлерін жауынгерлік техникамен қайта қаруландыру жоспарына сәйкес өткізілді және кешеннің жауынгерлік әзірлік барлық жүйелері мен параметрлерінің қызмет атқаруы, тексеру, жөнге салу және ретке келтіру мақсатында ұйымдастырылды.

Бұдан бұрын С-300 –ді әуе шабуылына қарсы жүйелерін жөндеу мен қызмет көрсетуге бағытталған отандық кәсіпорын – «Гранит» арнайы конструкторлық –технологиялық бюросының негізінде күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілген.

Қабылдау-тапсыру сынақтарының қорытындысы бойынша зениттік -зымыран кешені пайдалануға және өзіне арналған қызметті атқаруға жауынгерлік кезекшілікке түсуге әзір.

С-300 зениттік-зымыран кешені әуе шабуылына қарсы жедел және көпканалды жүйесі болып табылады. Ол ауқымды мақсаттарды жоюға, бірден алты мақсатты 30 дан 1200 м/с жылдамдығына дейін ұшып объектілерді жоюға қабілетті.

Аталған кешен қазіргі заманғы Қазақстан қару-жарақ техникалардың қатарында бар және әлемдегі ең қуатты әуе шабуылына қарсы қуатты жүйе болып есептеледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT