«Сарыөзек – Көктал» бағытындағы жол жабылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін жабылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 тамызда республикалық маңызы бар аталған автожол учаскесі (51-52 км) автотранспорттың барлық түрлері үшін жабылды.

«Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, «Сарыөзек – Көктал» жолында жарылыс жұмыстары жүргізіледі»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды сұрайды.

Бұған дейін жарылыс жұмыстарына байланысты республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал тас жолының 45-86 шақырымы жабылған болатын.


Соңғы жаңалықтар