Сарыөзек-Көктал автожолының кезекті бөлігі жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі (56-57 км) көліктің барлық түрі үшін жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 тамызда аталған автожол учаскесі (56-57 км) автотранспорттың барлық түрлері үшін жабылды. «Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, «Сарыөзек-Көктал» жолында жарылыс жұмыстары жүргізіледі», - делінген Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жетісу облысының ТЖД осы бағытта жолға шықпау қажеттігін ескертеді.

Бұған дейін жарылыс жұмыстарына байланысты республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал тас жолының 51-52 шақырымы жабылған болатын.



Соңғы жаңалықтар