Сарықыр асуында 5 шопан малымен бірге қар астында қалып қойды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жалалабат облысы, Тоғыз-Тороуыз ауданындағы Сарықыр асуында 5 шопан малымен бірге қардың астында қалып қойды. Бұл туралы Кабар агенттігі Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 18 қазан күні Алақан жайлауына қалың қар жауған, соның салдарынан малдарын айдаған бес шопан асудан өте алмай қалып қойған.

19 қазан күні 14:30 шамасында ТЖМ құтқарушылары оларды іздеп жолға шықты.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның таулы аумақтарында қалың қарға байланысты ескерту жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар