Saryarqa аqparat медиахолдингінің жаңа басшысы тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Saryarqa Аqparat медиахолдингінің Директоры қызметіне Олжас Беркінбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 1991 жылы 19 қарашада дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2013 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «тарихшы» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «заңгер» мамандығы бойынша диплом алды. 2016 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саяси ғылымдар магистрі дәрежесін алды.

Олжас Беркінбаев өзінің еңбек жолын 2012 жылы «ҚР Ішкі істер органдарының Медиа Орталығы» компаниясының «Сақшы» газетінің тілшісі болып бастаған.

2013 жылы Президенттің көмекшісі, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ жетекші сарапшысы болды.

Наурыз, 2014 - ақпан, 2015 – «Қазақстан тарихы» интернет-порталының тілшісі (www.e-history.kz) ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Қазконтент» АҚ;

Наурыз, 2015 – қараша, 2015 – «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметінің басшысы;

Қараша, 2015 - қыркүйек, 2016 – «Асыл бала» республикалық қауымдастығының баспасөз хатшысы»;

Қыркүйек, 2016 - қыркүйек, 2018 – «Қазақстан тарихы» интернет-порталының бас редакторы (www.e-history.kz) ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Қазконтент» АҚ;

Қыркүйек, 2017 - желтоқсан, 2017 – «Көне дәуір күмбірі», «Қазақ радиосы» тарихи-танымдық бағдарламасының авторы және жүргізушісі);

Сәуір, 2018 - қыркүйек, 2018 – «Қазақстан тарихы» және «Әдебиет порталы» интернет-порталдарының бас редакторы (www.adebiportal.kz) ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Қазконтент» АҚ;

«Хабар 24» телеарнасының «Анығын айтқанда» ақпараттық-талдау бағдарламасының авторы және жүргізушісі;

Мамыр, 2019 –«Білу маңызды» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі, «Хабар» телеарнасы;

2019 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін «ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы» ММ баспасөз қызметінің аға сарапшысы міндетін атқарды.

Соңғы жаңалықтар