«Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасының чемпионы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Сарыарқа» хоккей клубы «Рубинді» төртінші рет жеңіп, Петров кубогының жеңімпазы атанды. Қарағандылықтар серияда 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Шешуші кездесу Түменде өтті. Бірінші кезеңде командалар бір-бірден шайба соқты. Бірақ қалған уақытта «Сарыарқа» хоккейшілері қарсыластардың қақпасына тағы үш шайба тоғытты. Осылайша, ойынның есебі де тура серияның қорытынды есебі секілді 4:1 болды.

Рубин (Түмен) - Сарыарқа (Қарағанды) 1:4 (1:1, 0:1, 0:2)

0:1 - Сарваров (Ибатуллин, Ломако) - 04:51

1:1 - Рехтин (Фаст) - 17:36

1:2 - Нұрғалиев (Ряшенцев, Железнов) - 21:58

1:3 - Ломако (Сиксна, Зиазов) - 43:04

1:4 - Кицын (Зиазов) - 59:19

Қақпашылар: Назаров (Гущин, 53:06 - 55:07) - Рейзвих

Сериядағы қорытынды есеп: 1:4.

Соңғы жаңалықтар