«Сарыарқа» ЖХЛ-дың екінші финалдық матчында жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғарғы хоккей лигасының финалында жалпы есепті теңестірді, деп жазады Olympic.kz.

Түменде «Рубинге» қарсы өткен екінші матчта біздің команда 0:2 есебімен ұтылып жатып, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның негізгі уақыты тең аяқталған соң, төреші овертайм белгілеген болатын. Қосымша уақытта Леонид Метальников шешуші шайбаны соқты.

Осылайша, «Сарыарқа» финалдық сериядағы жалпы есепті теңестірді. Алғашқы матчта 2:3 есебімен «Рубин» басым түскен еді.

Келесі екі ойын 20-21 сәуір күндері Қарағандыда өтеді.

Соңғы жаңалықтар