«Сарыарқа» үздік үштікке енді

None
None
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Ермак» (Ресей, Ангарск) командасын ұтты.

Қызықты әрі тартысты өткен бұл ойынның алғашқы шайбасы тек үшінші кезеңде ғана соғылды. Бұған дейінгі екі кезеңде командалар барын салып, қарсыластың қақпашысын қапы қалдыруға тырысты. Үшінші кезеңде Виталиий Аабтың дәл тигізген соққысы «Сарыарқаны» алға шығарды. Есеп - 0:1. «Ермак» өз шабуылдарын үдетті. Бірақ Владимир Ковачтың қорғанысын бұза алмады. Ал ойынның аяқталуына екі минуттай қалған кезде алаң иелерінің бас бапкері қақпашыны алып тастап, оның орнына тағы бір ойыншыны шығарды. Сөйтіп, бір хоккейшіге артық ойнаған «Ермак» таразы басын теңестірді. Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Ал буллит сериясында Олег Ломаконың арқасында «Сарыарқа» жеңіске жетті. Есеп - 1:2 (Б).

Осы ойыннан кейін Қарағанды қаласының хоккей клубы қосымша екі ұпайға қол жеткізіп, барлығы 59 ұпаймен жалпытурнирлік кестеде 3-ші орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар