USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Saryarka облыстық спартакиадасына үш мыңға жуық адам қатысты

2021 жылғы 26 тамыз 13:14
Бөлісіңіз:
Saryarka облыстық спартакиадасына үш мыңға жуық адам қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Онлайн форматта өткен қалалар мен аудандар арасындағы Saryarka облыстық спартакиадасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында төрт жаңа компьютерлік томография кабинеті ашылады Қарағанды облысында бес жаңа емхана ашылады Қарағандылық биатлоншы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға лицензия ұтып алды

Біріншілік бағдарламасында шахмат, дойбы, асық ату, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, күштік гимнастика, пауэрлифтинг, доппен жонглерлік ету және гір көтеру спорт түрлері болды.

Онлайн-жарыс екі кезеңде өтті. Спортшылар алдымен қалалар мен аудандарда сайысты, содан кейін финал өтті. Облыстық біріншілікте барлығы 2 837 адам - балалар мен ересектер өз күшін сынады.

Жалпыкомандалық есепте қалалар арасында бірінші орынды Қарағанды, екінші орынды Теміртау, үшінші орынды Шахтинск алды. Аудандық біріншілікте Абай ауданы жеңімпаз атанды, екінші орында Бұқар Жырау ауданы болды, Шет ауданы үздік үштікке тұрақтады.

«Біздің аудан жыл сайын жүлделі орындарға ие болады. Біз Saryarka спартакиадасының 15 дүркін чемпионымыз. Көшбасшылар қатарында дойбы мен шахмат ойыншылар бар. Бұл тек спортшылардың ғана емес, жаттықтырушылардың да еңбегі. Жарысқа кәсіпқойлар да, әуесқойлар да қатысты», - дейді Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ерасыл Борамбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT