«Сарыарқа» магистральды газ құбырының 1-кезеңі қашан аяқталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сарыарқа» магистральды газ құбырының 1 кезеңі 2019 жылдың желтоқсанында аяқталады. Бұл туралы бүгін елордада халыққа есеп беру кездесуі барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елді газдандыру деңгейі шамамен 47,4 пайызды құрайды. 1300-ден астам елді мекен газға қол жеткізді. Республикалық бюджеттен газдандыруға жыл сайын шамамен 13 млрд теңге бөлінуде. Бүгінде 16 өңірдің ішінде Орталық және Солтүстік аймақтар ғана газдандыру сызбасындағы техникалық шектеулерге байланысты тыс қалып отыр. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының арқасында Астана, Қарағанды және Ақмола облыстарын газдандыру мәселесі шешілуде. «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының салтанатты ашылуын шілде айының басында өткізу жоспарланып отыр», - деді министр.

Оның айтуынша, «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша бірінші кезең 2019 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады. Бірінші кезеңнің болжамды құны 267 млрд теңгеден асады.

«Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласының әкімдіктері магистральды газ құбыры мен аймақтық желілер құрылысының мерзімін ескере отырып, инфрақұрылым құрылысы үшін жол картасын әзірледі. 1 кезеңде газ құбыры бойынша 171 елді мекенге тартылады, 2,7 миллион адам газбен қамтамасыз етіледі. Елорда тұрғындары үшін ең алдымен газды «Көктал-1,2», «Железнодорожный», «Юго-Восток» аудандарына және 1,2,3 жылу электр стансаларына жеткізу жоспарланған», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар