«Сарыарқа» хоккей клубы ұтылды

None
None
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Сокол» (Ресей, Красноярск) командасынан ұтылды.

Бұл ойында алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Ал екінші кезеңде таразы басын 2:0-ге дейін ұлғайтты. Дегенмен, матчтың аяқталуына дейін «Сарыарқаның» форварды Михаил Махо дубль, яғни екі бірдей шайбаның авторы атанып, есепті теңестіре білді. Содан екі команда да барын салып, ойынды өз пайдасына шешуге тырысты. Алайда негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Овертаймда қарсыластардың жолы болды. Есеп - 3:2.

«Сарыарқа» ұтылса да, овертаймға жеткені үшін бір ұпайға ие болды. Қазір команданың еншісінде 57 ұпай бар. Қарағанды қаласының хоккей клубы кешегі 4-ші орыннан 7-ші орынға түсті.

Соңғы жаңалықтар