+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

«Сарыарқа» газы: Қарағанды облысында жұмыс қарқыны қандай

2019 жылғы 11 қыркүйек 21:41
Бөлісіңіз:
«Сарыарқа» газы: Қарағанды облысында жұмыс қарқыны қандай

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы «Сарыарқа» магистральды газ құбырынан көгілдір отын Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларына жеткізіледі. Бүгінде Өңірде 756 шақырым құбыр төселді, қазір дәнекерлеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы әкімдігінен мәлім еткендей, аймақ басшысы Ерлан Қошанов магистральдағы жұмыс барысымен танысты. Облыс әкімін қарағандылықтардың үйлеріне газ қай уақытта жететіні қызықтырды.
Оның айтуынша, Жезқазғанда газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Ал Қарағанды мен Теміртау жұмыстарға осы аптада кіріседі. Жаңаарқа, Шет, Бұқар жырау, Осакаров аудандарында және Шахтинск қаласында жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов хабарлағандай, Қарағанды мен Теміртауда газ желтоқсан айының соңында, Жезқазғанда ол мерзімнен бір ай бұрын берілетін болады.
Облыс орталығында бірінші кезеңде Бадин және Олимпийская көшелері, Теміртау қаласында Сарыарқа көшесі газдандырылады. Жезқазғанда жеке сектордан басқа көгілдір отын Талап ауылы мен Станционный кентінің тұрғындарына да беріледі.
«Барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауға үлгеру керек. Егер проблемалар болса, тездетіңіздер, шешіңіздер. Сондай-ақ халықпен жұмыс істеу қажет. Адамдарға газды қалай қосуға болатынын түсіндіріңіз, бұл қаншалықты тиімді екенін түсіндіріңіз, оларға осы мәселе бойынша көмек көрсетіңіздер», - деп тапсырды Ерлан Қошанов.
«Үй иелері газбен жылытуға қосылу рәсімін жеңілдетуді қалайды. Сол себепті, бюрократиялық қағазбастылықтарды болдырмау үшін барлық жағдай жасалады. Әзірге жылыту жүйесіне қажетті газ тек жеке сектордың тұрғындарына қолжетімді болады. Уақыт өте келе көпқабатты үйлерге де тартылмақ. Шешімді кондоминиумға қатысушылар мен қызмет көрсетушілердің өздері қабылдайды. Алдын ала есептеу бойынша, Қарағанды облысында бір текше метр газ бағасы 47 теңгені құрайды», - деді облыс әкімдігінен.
Естеріңізге сала кетейік, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталды. Елді газдандыруды Елбасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT