«Сарыарқа» газы: Баға қанша болатыны белгісіз – елорда әкімдігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада алдағы уақытта газ бағасы қанша болуы мүмкін? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернат Бәзіл жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қала халқы газ бағасы қалай болатынын білгісі келеді. Қала шетіндегі тұрғындар көмірді еріккеннен жағып отырған жоқ. Сол себепті, газдың келешекте бағасы қалай болатынын білу керек. Бүгін бұл сұрақ тіпті бизнес өкілдерін де қатты алаңдатады. Газдың бағасы нақты қанша болады?» - деп сұрады Қоғамдық кеңес өкілдері бүгін елорда әкімдігінде өткен отырыста.
Сауалға жауап берген Ернат Бәзіл газ бағасы туралы нақты мәлімет жоқ екенін айтты.
«Шамамен белгіленген баға бар. Ол құжатқа Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұдан бұрын қол қойған. Ол құжатта 1000 текше метр газдың бағасы 46 мың теңге делінген. Бұл – алдын ала баға. Ал бүгінгі күні министрлік нақты бағаның қанша болатынын бермей отыр. Екі рет сұрадық. Жауаптары бірдей: «Сарыарқа» магистралі бойынша жұмыс аяқталып, инвестициялық жоба есептелгеннен кейін ғана газ бағасы нақтыланады. Осылай дегенімізге үшінші ай болды. Дәл қазір мың текше метр газдың бағасы айқындалмай тұр. Қандай баға белгіленсе де, алдағы бес жылға бірақ бекітіледі. Яғни, бес жыл бойы газ бағасы көтерілмейді», - деді ол.
Еске сала кетсек, «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы аясында Нұр-Сұлтан қаласында құбырларды дәнекерлеудің соңғы кезеңі аяқталған болатын.
- Алматы әкімдігі Жетісу ауданындағы 309 үйді заңдастыруды қолға алды
- Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
- Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы баспаналы болды
- Нұр-Сұлтандағы әуежайда оқ атылды
-
Елорда көшелерінің біріне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді
-
Алматы бизнесмендері қаланы дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам