+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

«Сарыарқа» газы: Астана әкімдігі жанынан жаңа компания құрылады

2019 жылғы 22 қазан 18:28
Бөлісіңіз:
«Сарыарқа» газы: Астана әкімдігі жанынан жаңа компания құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада «Сарыарқа» газының үй-үйлерге жеткізілуін реттейтін жаңа компания құрылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернат Бәзіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалықтар көгілдір отын қызығын қашан көреді «Сарыарқа» газ құбырын төсеу жұмыстары 100 пайыз аяқталды Парламент депутаттары елорданы газдандыру жұмыстарымен танысты

«Біз әлі күнге дейін елордаға келетін газдың бағасын білмейміз. Себебі, «ҚазТрансГаз» түпкілікті бағаны атаған жоқ. Үкіметтен қандай көмек болатынын сұрап жатырмыз. Елорда әкімдігі газдың соңғы тұтынушыға жеткенге дейінгі бағасын төмендету мақсатында «Елорда-газ» кәсіпорнын құру туралы шешім қабылдады. Қазір тиісті құжаттардың бәрін жібердік. Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мақұлдауында жатыр. Олар рұқсат берсе, көп мәселелерді реттей алар едік», - деп жауап берді Ернат Бәзіл бүгін елорда әкімдігінде өткен Қоғамдық кеңестің отырысынан кейін тілшілердің сауалына.

Оның айтуынша, кәсіпорын әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйін газдандыру, қазандық сатып алу жағынан көмектеседі.

«Газды реттеп отыратын есептеуіштердің бағасы – 80-90 мың теңге. Отбасылардың жағдайына қарай, кейбірінің қоршауына дейін газ жеткізсек, кейбірінің тіпті үйіне кіргізіп беруге тырысамыз. Осы мәселелердің бәрін реттеп отыру үшін арнайы ұйым керек», - деді ол.

Ернат Бәзілдің айтуынша, «Астана су арнасы» кәсіпорны суға жауапты болатыны секілді, «Елорда-газ» - газ мәселесін реттемек.

«Жаңа жылға дейін құжат жұмыстары реттелсе, жаңа жылдан кейін жұмысты бастап кетеміз», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ернат Бәзіл елордада алдағы уақытта газ бағасы қанша болатыны белгісіз екенін мәлім еткен еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT