«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы уақтылы аяқталады - вице-премьер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын уақтылы аяқтауды қамтамасыз етеді. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық жолдардың үлесі 100 пайызға дейін, жергілікті деңгейдегі жолдардың жағдайы 95 пайызға дейін артады. Бұдан басқа, елімізді газдандыру шеңберінде Үкімет «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын уақтылы аяқтау қамтамасыз етеді. Газ құбырын іске қосу Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларын және 171 елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олардың экологиялық жағдайларын жақсартады», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін халық алдында есеп берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде газдандыру деңгейі 49,7 пайызға жеткенін мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, қазірдің өзінде газды шамамен 9 миллион қазақстандық тұтынып отыр. Ал елорданы газбен қамту жобасы жоспарға сай жүргізілуде.
«2019-2021 жылдарда облыста 100-ден астам жоба іске асырылатын болады. Ал «Сарыарқа» газ құбыры кестеге сәйкес салынып жатыр. Қазіргі уақытта Жезқазған қаласына жақын жерде дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге шамамен 420 км құбыр дәнекерленді. Бұл жалпы газ құбырының 40%-ын құрайды», - дейді Қанат Бозымбаев.
- Үкіметтің ішкі істер органы қызметкерлерін баспанамен қамтуға қатысты қаулысына өзгеріс енгізілді
- Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды
- Әділет министрлігінің биылғы басым міндеттері айқындалды
- «Отбасы банк» зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады
-
Ералы Тоғжанов Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыттың құрылысымен танысты
-
Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережелері жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам