«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы қалай жүріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сарыарқа» жобасы аясында құбыр дәнекерлеу жұмыстары 21 наурызда басталады. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның дерегінше, 2018 жылғы 19 қарашада «АстанаГаз ҚМГ» АҚ мен «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» АҚ арасында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу туралы шартқа қол қойылған.

«АстанаГаз ҚМГ» АҚ төлеу үшін жоспарланған 163,7 млрд теңгеден «ҚазқұрылысСервис» МГҚК» АҚ-ға 117 млрд теңге көлемінде аванстық төлем төледі. Аванстық төлемнің қалған бөлігі банктік кепілдік алғаннан кейін төленеді.

«Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу жөніндегі шартқа сәйкес, 2018 жылғы 29 желтоқсанда «АстанаГаз ҚМГ» АҚ мен «ҚазқұрылысСервис» МГҚК» АҚ арасында осы жоба бойынша жұмыстарды орындау кестесіне қол қойылды. Кестеге сәйкес бір мезгілде 5 желілік ағынды жүзеге асыру арқылы магистральдық газ құбырын салу жоспарланып отыр. Кран тораптарын, газ өлшеу станцияларын, автоматтандырылған газ таратушы стансаларды, электро-химиялық қорғау қондырғыларын монтаждау және құбырға гидросынақ жүргізу арқылы магистральдық газ құбырының желілік бөліктерін салуды аяқтау 2019 жылдың соңына қарай белгіленді», - деді ол.

Оның дерегінше, мердігердің техникасын, жабдықтары мен персоналын жұмылдыру қаңтардың соңында басталады.

«Трассаны дайындау ағымдағы жылдың 27 ақпанында басталмақ. Бұл ретте, желілік құбырдың бірінші партиясын жеткізуді наурызда бастап, тамызда аяқтау жоспарланып отыр. Желілік құбырларды дәнекерлеу жұмыстары 21 наурызда басталады», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар