Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

«Сарыарқа» газ құбырының алғашқы шақырымы салынды

2019 жылғы 28 наурыз 11:48 784
Бөлісіңіз:
«Сарыарқа» газ құбырының алғашқы шақырымы салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді Шардара ауданы 100 пайыз газбен қамтылады

«Сарыарқа» газ құбыры алдымен Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау мен Нұр-Сұлтан бағыты бойынша салынады. Бұл - құрылыстың алғашқы кезеңі. Осының арқасында құбырға жақын орналасқан 740 мың адамды табиғи газбен қамтасыз етуге мүмкіндік бар. Әрине, инфрақұрылымның салынуына қарай газ тұтынатын адамдардың саны артады. Өткен жылы тамыз айында Үкімет жобаның сызба-нұсқасы мен қаржыландыру шарттарын мақұлдады. Жобаның құны - 267,3 млрд теңге. Қараша айында «АстанаГаз ҚМГ» АҚ мен мердігер компания - «Қазқұрылысқызмет» АҚ арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі кезде барлық қажетті теxника мен мамандар тартылды. Дәнекерлеу жұмыстары басталды. «Сарыарқа» газ құбырының, шамамен, 1300 метрі салынды», - деді М.Мырзағалиев ҚР Мәжілісінде өткен «дөңгелек үстелде». 

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Қарағанды мен Ақмола облысында, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында газ құбырына қосылып, шикізатты xалыққа тарату бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жалпы, алдағы үш жылда аймақтарда газ инфрақұрылымын дамытуға қосымша қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, 2030 жылға дейін республикалық бюджеттен тағы шамамен 157 млрд теңге бөлінеді.

«Осы ақша Нұр-Сұлтан қаласын, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау мен Ақмола облыстарын газдандыруға жұмсалады», - деп атап көрсетті М.Мырзағалиев. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT