«Сарыарқа» газ құбырының 75%-ы тартылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жауапкершілігі аясындағы «Сарыарқа» газ құбырының 796,6 шақырымы тартылды. Бұл айтулы жобаның желілік бөлігі құрылысының 75%-н құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарыарқа»елдің энергетикалық қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, орталық және солтүстікаймақтарды көгілдір отынмен үздіксіз қамти отырып, экологиялық ахуалды жақсартуғатиіс. Болашақта жекеменшік және шағын коммуналдық қазандықтарды, жер үйлер ментұрғын үйлерді, жылу-электр орталықтарын біртіндеп газға ауыстыру жоспарлануда.

«ҚазМұнайГаз»жауапкершілігі шеңберіндегі құбырдың желілік бөлігін салу жұмыстарынүстіміздегі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін жергіліктіәкімдіктер елді мекендерді, соның ішінде елорданы газбен қамтамасыз етужұмыстарына кіріспек.

БүгіндеҚызылорда облысында дәнекерлеу-пісіру жұмыстары толықтай аяқталып, Қарағандыжәне Ақмола облыстарында қарқынды жүріп жатыр. Жобаны іске асыру барысындадәнекерлеу-пісірудің ең озық технологиялары қолданылуда. Озық технологиялардиаметрі 820 мм құбырды тәулігіне 6 шақырымнан аса жылдамдықпен тартуғамүмкіндік береді.

Қазіргікезде дәнекерлеу-пісіру кешендері:

- Қарағандыоблысында газ құбыры жолының 794-ші шақырымында («Қарағанды» автоматты газтарату станциясына бұру жүйесін орнату жеріне дейін 14 шақырым) және 844шақырымында («Қарағанды» бұру жүйесін орнату жерінен кейін 36 шақырым);

- Ақмолаоблысында газ құбыры жолының 970-ші шақырымында (Қарағанды және Ақмолаоблыстарының шекарасынан солтүстікке қарай 27 шақырым) және 1056-шы шақырымында(«Астана-1» автоматты газ тарату станциясына бұру жүйесін орнату жеріне дейін 5шақырым) жұмыс істеуде.

Магистральдыгаз құбырының құрылыс жұмыстарына 2 мыңнан астам адам және 800 техникажұмылдырылған. Жылжымалы вахталық кенттер жұмысты тәулік бойы жүргізу үшінқажетті жабдықтармен жабдықталды. Қызметкерлер тіршілігі үшін барынша қолайлыжағдай жасалған. Операциялық қызметті акционерлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болып табылатын «АстанаГаз ҚМГ» АҚ жүзеге асырады.Құрылыстың бас мердігері болып «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» АҚ айқындалған.

Соңғы жаңалықтар