+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

«Сарыарқа» газ құбырының 75%-ы тартылды

2019 жылғы 16 тамыз 15:13
Бөлісіңіз:
«Сарыарқа» газ құбырының 75%-ы тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жауапкершілігі аясындағы «Сарыарқа» газ құбырының 796,6 шақырымы тартылды. Бұл айтулы жобаның желілік бөлігі құрылысының 75%-н құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан көгілдір отынмен толық қамтылады – Өмірзақ Шөкеев Нұр-Сұлтанда газ тарату желілерінің құрылысы басталды Маңғыстаудың Ақшұқыр-2 ауылына газ құбыры тартылады

«Сарыарқа» елдің энергетикалық қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, орталық және солтүстік аймақтарды көгілдір отынмен үздіксіз қамти отырып, экологиялық ахуалды жақсартуға тиіс. Болашақта жекеменшік және шағын коммуналдық қазандықтарды, жер үйлер мен тұрғын үйлерді, жылу-электр орталықтарын біртіндеп газға ауыстыру жоспарлануда.

«ҚазМұнайГаз» жауапкершілігі шеңберіндегі құбырдың желілік бөлігін салу жұмыстарын үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін жергілікті әкімдіктер елді мекендерді, соның ішінде елорданы газбен қамтамасыз ету жұмыстарына кіріспек.

Бүгінде Қызылорда облысында дәнекерлеу-пісіру жұмыстары толықтай аяқталып, Қарағанды және Ақмола облыстарында қарқынды жүріп жатыр. Жобаны іске асыру барысында дәнекерлеу-пісірудің ең озық технологиялары қолданылуда. Озық технологиялар диаметрі 820 мм құбырды тәулігіне 6 шақырымнан аса жылдамдықпен тартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде дәнекерлеу-пісіру кешендері:

- Қарағанды облысында газ құбыры жолының 794-ші шақырымында («Қарағанды» автоматты газ тарату станциясына бұру жүйесін орнату жеріне дейін 14 шақырым) және 844 шақырымында («Қарағанды» бұру жүйесін орнату жерінен кейін 36 шақырым);

- Ақмола облысында газ құбыры жолының 970-ші шақырымында (Қарағанды және Ақмола облыстарының шекарасынан солтүстікке қарай 27 шақырым) және 1056-шы шақырымында («Астана-1» автоматты газ тарату станциясына бұру жүйесін орнату жеріне дейін 5 шақырым) жұмыс істеуде.

Магистральды газ құбырының құрылыс жұмыстарына 2 мыңнан астам адам және 800 техника жұмылдырылған. Жылжымалы вахталық кенттер жұмысты тәулік бойы жүргізу үшін қажетті жабдықтармен жабдықталды. Қызметкерлер тіршілігі үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Операциялық қызметті акционерлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болып табылатын «АстанаГаз ҚМГ» АҚ жүзеге асырады. Құрылыстың бас мердігері болып «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» АҚ айқындалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚазМұнайГаз, Құрылыс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT