«Сарыарқа» газ құбырының 75 пайызы салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сарыарқа» газ құбырының 75 пайызы салынды. Мұндай ақпаратты «Самұрық-Қазына» АҚ Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сарыарқа» газ құбыры 75 пайызға салынып болды. «ҚазМұнайГаз» жобасы елдің энергетикалық қауіпсіздік деңгейін арттырып, орталық және солтүстік өңірлерді газбен тоқтаусыз қамтамасыз етеді», - деп атап өтеді ұлттық компания.

Таратылған мәліметке қарағанда, магистральдық газ құбырын салуға 2 мыңнан астам адам тартылған. Дәнекерлеу жұмыстары Қызылорда облысында толық аяқталып, бүгінде Қарағанды және Ақмола облыстарында жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар