+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

«Сарыарқа» газ құбырын төсеу жұмыстары 100 пайыз аяқталды

2019 жылғы 20 қараша 12:24
Бөлісіңіз:
«Сарыарқа» газ құбырын төсеу жұмыстары 100 пайыз аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сарыарқа» магистральды газ құбырының желілік бөліктері 100 пайыз төселіп, дәнекерленді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалықтар көгілдір отын қызығын қашан көреді Парламент депутаттары елорданы газдандыру жұмыстарымен танысты «Сарыарқа» газы: Астана әкімдігі жанынан жаңа компания құрылады

«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында министрлік алдына қойылған міндеттердің бірі – елордамызды, республиканың солтүстік және орталық өңірлерін газбен жабдықтау үшін «Сарыарқа» магистральды газ құбырының бірінші кезеңін уақытылы аяқтау. Газ құбырының бұл учаскесі Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және газ құбыры трассасы бойына жақын елді мекендердің тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, жобаны іске асыру үшін «АстанаГаз ҚМГ» компаниясы құрылды. Оның акционерлері – «Самрұқ-Қазына» қоры және «Бәйтерек» холдингі.

«Өткен жылдың тамызында Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия сызба мен қаржыландыру шарттарын мақұлдады. Жоба құрылысының жалпы құны 267,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 80,3 млрд теңге «АстанаГаз КМГ» жобалық компаниясының жарғылық капиталын құру жолы арқылы, 85 млрд теңге «БЖЗҚ» АҚ-ның облигациялық зайымы, 102 млрд теңге Еуразиялық даму банкі мен Қазақстанның даму банкінің облигациялық займы арқылы бөлінеді. Бас мердігер ретінде «ҚазҚұрылысСервис» комппаниясы айқындалған», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта «Сарыарқа» магистральды газ құбырының Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі құрылысы аяқталуға жақын.

«Құрылыс жұмыстарына 1 700 маман мен 1 мың арнайы техника жұмылдырылған. 1 061 шақырым құбыр немесе газ құбырының 100 пайыз желілік бөлігі төселіп, дәнекерленді. 963 шақырым немесе газ құбырының 91 пайызы сынақтан өткізілді», - деді Мұрат Жүребеков.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, газ құбырының, тармақтарының, 5 автоматтандырылған газ тарату стансасының, газ өлшеу стансасының және басқару бекетінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Толықтай алғанда барлық жұмыс кестеге сай жүргізілуде және осы жылдың желтоқсан айында магистральды газ құбырын, 5 автоматтандырылған газ тарату стансасының, газ өлшеу стансасының және басқару бекетін қамтитын барлық нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталады. Газ құбырын пайдалануға қабылдау осы жылдың 31 желтоқсанына жоспарланған. Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі магистральды газ құбырының құрылысы газ құбыры трассасының бойындағы 171 елді мекенді кезең-кезеңмен көгілдір отынмен қамтуға, елорданың және өзге де елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT