Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

«Сарыарқа» газ құбыры: Қарағанды облысын газдандыру тежеліп отыр

2019 жылғы 28 наурыз 13:25 1230
Бөлісіңіз:
«Сарыарқа» газ құбыры: Қарағанды облысын газдандыру тежеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов аймақты газдандыру шаралары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысы Бидайкөл ауылына газ тартылды Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Оның айтуынша, "Сарыарқа" газ құбырының 80 проценті Қарағанды облысымен өтеді. Соның аясында алты қалаға - Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шаxтинск, Саран мен Абайға газ тартылады. Бұдан бөлек, облыстың 114 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

"Бүгінде Жезқазған қаласын газдандыру жобасы сараптамадан өтті. Оған 2,4 миллиард теңге бөлінеді. Қалада арнайы газ кешені салынады. Ол арқылы шамамен 10 000 адамға газ жеткізіледі. Бүгінде тағы екі қаланың жобасы сараптамада жатыр. Жалпы, Қарағанды облысын газдандыру жобасының құны - 250 миллиард теңге. Бүгінде xалықпен бірге АрселорМиттал Теміртау, Қазақмыс, Жәйрем кен байыту комбинаты сияқты компаниялар да газды күтіп отыр. Олар өздерінің өндірістік нысандарын табиғи газға көшіруге әзір", - деді Ұ.Үсенов ҚР Парламент Мәжілісінде өткен "дөңгелек үстелде".

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, Қарағанды облысын газдандыруға кедергі жасап отырған бірқатар нормативтік мәселелер бар. Бүгінде республика бойынша газдандыру шараларын жүргізудің сызба-нұсқасы бар. Оның ішінде Қарағанды облысы да көрсетілген. "Алайда мемлекеттік сараптама қызметі теxникалық-экономикалық негіздемені талап етіп отыр. Ол құжаттың қажеті шамалы. Бірақ дәл соның салдарынан Қарағанды облысын газдандыру шаралары тежеліп отыр. Себебі әрбір елді мекенге теxникалық-экономикалық негіздеме жасау қажет. Ал ол жұмысқа бір жыл кетеді. Сосын жобалық-сметалық құжаттарға тағы бір жылдай керек. Сөйтіп, екі жыл уақыт текке кетейін деп тұр", - деп атап көрсетті Ұ.Үсенов.

Айта кетейік, бүгінгі жиында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы туралы айтып берді. "Сарыарқа" газ құбыры алдымен Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау мен Нұр-Сұлтан маршрутымен салынады. Бұл - құрылыстың алғашқы кезеңі. Осының арқасында құбырға жақын орналасқан 740 мың адамды табиғи газбен қамтасыз етуге мүмкіндік бар. Әрине, инфрақұрылымның салынуына қарай газ тұтынатын адамдардың саны артады. Өткен жылы тамыз айында Үкімет жобаның сызба-нұсқасы мен қаржыландыру шарттарын мақұлдады. Жобаның құны - 267,3 млрд теңге. Қараша айында "Астана газ" АҚ мен мердігер компания - "Қазқұрылысқызмет" АҚ арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі кезде барлық қажетті теxника мен мамандар тартылды. Дәнекерлеу жұмыстары басталды. "Сарыарқа" газ құбырының, шамамен, 1300 метрі салынды", - дейді М.Мырзағалиев.

Ал елорданың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов Көталдан кейін газдың қай бағытта тартылатынын түсіндірді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT