Сарыағаштықтар ауылдастарына үй салып берді

Фото: None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат- Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылының азаматтары 4 жылда 6 үй салып, тұрмысы төмен отбасыларға тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Игі іске ұйытқы болғандар ішінде такси жүргізушілері көп.

Қазір жалғызбасты ана Кулайм Қошановаға арналған үйдің ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Шілде айының соңына қарай тұрғын үй құрылысы толығымен аяқталмақ.

Таксистер бұдан бөлек екі үйге табиғи газ кіргізіп, бір үйдің жылу жүйелерін жөндеп берген және бір үйдің шатырын ауыстырып, үй иелерінің алғысын алыпты.

Сонымен қатар тұрмыс деңгейі төмен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға үнемі азық-түлікпен және басқа да материалдық көмектер мен қайырымдылық көрсетуде өз үлестерін қосуда.


Соңғы жаңалықтар